Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді
Павлодарлық кейуана баласын полицияға берді
411
оқылды
Павлодарда алкогольді асыра пайдаланған 49 жастағы жұмыссыз ер адам қарт анасымен жанжалдасқан. Анасы полицияға қоңырау шалып, келулерін сұраған. Полиция қызметкерлері аталған пәтерге келіп, осындай жағдай орын алғанын анықтады. Ол отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, сондай-ақ ер адам өзі үшін қажетті тиісті тұжырымдар жасамаған және ішімдік ішуді, жанжал шығаруды жалғастырған. Зейнеткер тәртіп сақшыларынан ұлын әрекеттері үшін жазалауды сұрады.
«ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлімі бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған сәйкес сот 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар, ер адамның мінез-құлқына ерекше талаптар қойылады, оған үш ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады», - деп жазды ведомстводан.