Алматы тауларында төрт турист адасып қалды
Алматы тауларында төрт турист адасып қалды
292
оқылды
Ресейдің үш азаматы Алматы тауларында адасып қалды. Құтқарушылар оларды іздеуге шықты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 мамыр күні таңертең Медеу ауданындағы Бутаков шатқалынан жергілікті гидпен бірге бір топ турист жаяу Букреева шыңына қарай бет алған. Сол күні түсте олар достарына хабарлама жіберген. Содан бері туристермен байланыс болмай қалған. Құтқарушылардың жедел тобы олармен келесі күні таңертең ғана бір рет телефон арқылы байланысқан. Олардың айтуынша, ешкімге медициналық көмек керек емес.  Түнде тауда түнеген. Туристер көмек күтпестен төменге өздері түспек болған. Соған қарамастан мамандар іздеу және құтқару жұмыстарын жалғастырған. Себебі ауа райы нашарлап, оларға жол табу қиындаған. Сондықтан іздестіру жұмыстары сағат 14:20-да, сай түбінен туристер табылған соң аяқталған. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  ресейлік үш ер адам мен бір қазақстандық гид әйел құтқарылды. Қазір олардың ешқайсысы денсаулығына шағымданбаған.