Бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды
Бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды
831
оқылды
ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша коронавирусқа қарсы ревакцинация қабылдайтындардың қатары кеңейтіледі. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі. КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады: 1) медицина қызметкерлері; 2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы; 3) күш құрылымдарының қызметкерлері; 4) педагогтер; 5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті; 6) 50 жастан асқан адамдар. Қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.