93 елді мекен газдандырылады
93 елді мекен газдандырылады
422
оқылды
Қазақстанда 1 700-ден астам елді мекенге табиғи газ жеткізілген. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. «Әлемдік талдау энергия көздерінің басқа түрлерін өндіру мен тұтынуға қарағанда газ өнеркәсібі озық қарқынмен дамып жатқанын көрсетіп отыр. Қазақстанда да дәл осындай жағдай. Мәселен, 2017 жылы еліміз шамамен 14 млрд текше метр газ тұтынса, 2021 жылы оның көлемі 19 млрд текше метрге жақындады. Былтырдың өзінде ғана 3 600-ден астам өнеркәсіптік нысан газға көшірілді», – деді Премьер-Министр. Ауқымды газдандыру жобаларының нәтижесінде соңғы 5 жылда ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға өскен. Ал биыл тұтыну көлемі 20 млрд текше метрге дейін артпақ. «Газдандырылған елді мекендердің жалпы саны 1 700-ден асады. Осылайша, 11 млн-нан астам қазақстандық табиғи газға қол жеткізеді. Бұл тұрақты өсім көрсетіп отырған газ саласының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алатынын көрсетеді» – деді Әлихан Смайылов. Бұған дейін Энергетика министрі 2022 жылы халықтың 58,43 пайызы газбен қамтылатынын айтқан еді. Биыл газдандыру саласында 33 жоба іске асырылып, 93 елді мекен газбен қамтамасыз етілмек.