Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында референдумға қатысты түсіндіру жұмыстары өтті
Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында референдумға қатысты түсіндіру жұмыстары өтті
424
оқылды
Бүгін, AMANAT партиясының хатшысы Ринат Кертаев және Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева елордадағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының ұжымымен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты орталықтағыларға 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндіру болды. паралимпиада Ринат Думанұлы алдымен паралимпиада шеберлерінің еліміздің спорт саласына қосқан ерен еңбегіне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі ауқымды өзгерістерге атсалысудан олар да шет қалмас үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы келгенін айтты.
«5 маусым күні өтетін референдум арқылы шешім шығаруда сіздердің де дауыстарыңыз маңызды. Сіздерге де елімізде болып жатқан саяси өзгерістер түсінікті болуы керек. Бұл мәселені Парламенттің қарауына шығарып, референдум өткізбей-ақ жасауға да болатын еді. Алайда Мемлекет басшысы Ата заңға енетін өзгерістерді халық өзі қарап, талдап, таразылап дауыс берсін деген мақсатпен референдум өткізуді ұсынды» - деп түсіндірді Ринат Думанұлы.
Сондай-ақ конституциялық ең негізгі өзгерістердің мәнін түсіндіріп, анықтама берді. Осы ретте Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева да реформаларға қатысты мәліметтерді бөлісті. Динара Закиева
«Бұл референдумның маңызы өте зор. Себебі ондағы өзгерістердің ауқымы өте үлкен. Осыған орай азаматтар бұл референдум біздің өмірімізге қандай өзгерістер алып келеді деп жиі сұрайды. Халықты ең көп алаңдататыны әлеуметтік мәселелер. Әлеуметтік мәселелерді шешуді саяси реформалар енгізуден бастау керек деп есептеймін. Қазақстандықтарға референум арқылы саяси өзгерістердің орын алуына ықпал етуге мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан әрбір азамат осы мүмкіндікті тиімді пайдалануы тиіс» - деді Мәжіліс депутаты.
Партия өкілдері түсіндіру жұмыстарынан соң орталық қызметкерлері мен қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.  Кездесуге қатысқан азаматтар да референдумға белсенді қызығушылық танытып, өз сұрақтарына жауап алды. amanat Сонымен қатар олар паралимпиада шеберлерінің жаттығуларын көзбен көріп, олармен тілдесіп, мәселелерін тыңдап қайтты. Ринат Кертаев AMANAT партиясының хатшысы Ринат Думанұлы тиісті реформалар орыдалуы үшін дауыс берудің маңызына тағы бір мәрте тоқталып, азаматтарды референдумға қатысуға шақырды. amanat
«Біз барлық азаматтарға тең жағдай жасалған, әлемдегі әлеуметтік әділетті елдердің қатарына кіруді көздейміз. Біз ашық, салауатты, жоғары білімді, денсаулығы мықты, жасампаз азаматтардан тұратын бақуатты қоғам құруды мақсат етеміз. Алдағы уақытта осы жұмысты жаңа сапалық деңгейде, жаңа мазмұнмен атқару қажет. Бұған AMANAT  партиясы кірісіп отыр. Осы өзгерістердің басы 5 маусым күні өтетін референдумға барып, саяси трансформацияны қолдап дауыс беру. Мен сіздерді  өзгерістерді қолдуға шақырамын!» - деді Ринат Кертаев.
Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин да қатысты. Ол ерекше қажеттілігі бар азаматтардың мәселелерін үнемі тыңдап, қалалық әкімдікке жеткізіп, олардың шешімін табуға жиі көңіл бөлетіндіктерін айтты. Бүгінгі өткен шарада да атқарылған жұмыстардың нәтижесін бөлісіп, азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.