Маймыл шешегін кімдер жиі жұқтыратыны белгілі болды
Маймыл шешегін кімдер жиі жұқтыратыны белгілі болды
©Wikimedia Commons
1,392
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде маймыл шешегі ауруын жұқтырудың 402 және 24 елде инфекция жұқтырудың 120 болжамды дерегін растады, – деп хабарлады Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы "ДДҰ үшін эндемикалық емес бірқатар мемлекеттерде бұл аурудың бір уақытта кенеттен пайда болуы және "белгілі бір уақыт ішінде вирустың анықталмаған берілу жолдарының болуы мүмкін екенін көрсетеді", –делінген ДДҰ ақпараттық бюллетенінде.
"Індетке шалдыққандардың басым бөлігі –"ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар", – делінген хабарламада.
Маймыл шешегі 13 мамырдан бастап әлем елдерінде тарала бастады. Соңғы уақытта Батыс Еуропада, АҚШ-та, Канадада, БАӘ-де жұқтыру оқиғалары тіркелді.