Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 11,96 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 414,67 теңге.
Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 433,30 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 422,34 теңге, сатып алу – 428 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 422,88 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427,26 теңге.