Павлодар облысында су құбырын жөндеуге бөлінген 340 миллион теңге жымқырылғаны белгілі болды
Павлодар облысында су құбырын жөндеуге бөлінген 340 миллион теңге жымқырылғаны белгілі болды
Фото ҚР ҚМА
289
оқылды
Павлодар облысында Ақсу су құбырын жаңартуға бөлінген 340 млн теңгенің ұрланғаны анықталды.
«Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, «Дала» ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 млн теңге материалдық залал келтірілген, бұл – қомақты сома», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты Қазақстан  Президентінің атына оны мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныспен 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековті 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айырды.