«Рәміздер мерекесі – бұл нағыз халықтық мереке деп санаймын. Себебі біздің рәміздеріміз – ол біздің мемлекеттілігіміздің айғағы. Жалпы мемлекет ретінде, Қазақстан деген мемлекеттің атының өзі бізге үлкен мақтаныш. Сонымен қатар рәміздер күні мерекесін өсіп келе жатқан жас ұрпақ біліп өсуі керек. Оны әрқашан дәріптеп, қуанышты мереке ретінде атап өтуіміз керек. Мен де бүгінгі мерекеге әндеріммен үлесімді қосамын. Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығымен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын!
Ал 5-і күні болатын референдум біздің еліміз үшін өте жауапты кезең. Жаңа Қазақстанда «жаңа өмір» бастауға қадам жасап жатырмыз. Ата заңымызға көп өзгерістер еніп, халық игілігі үшін жұмыс істейтін заңдар қабылданбақ. Мен өзім 5-і күні астанамызда референдумға қатысып, өз дауысымды беремін. Халқымды өз дауысын беріп, елдегі өзгерістерге атсалысуға шақырамын», – деді Роза Қуанышқызы.
«Биыл мемлекттік рәміздерімізге 30 жыл толып жатыр. Жоғары деңгейде атап өтуге тұрарлық мемлекттік мереке деп есептеймін. Елдігіміздің айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сондай-ақ 5 маусымда елімізде бір емес бірнеше өзгерістерге бастау болатын референдум өтеді. Ел болашағы үшін белсенділік танытып өзім де референдумға қатысамын. Басқа да азаматтарды мемлекеттік деңгейдегі өзгерістерге бей-жай қарамауға шақырамын», – деп пікір білдірді әнші.
«Бұл әнім негізі өзімнің өмір жолым туралы өрбиді. Жалпы мен қаладағы барлық қоғамдық іс-шаралардан қалмауға тырысамын. Өйткені мемлекеттің өзгеруі әрбір адамның алға қойған мақсатына байланысты деп ойлаймын. Барлық отандастарды мерекемен құттықтаймын! Еліміздің көк Туы әрқашан желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін!», – дейді Алтыншаш Мұқатаева. Сондай-ақ ол алдағы референдумнан үлкен үміт күтетінін жеткізді.