«Операциялық жүйе жаңа тілдермен толықты. iOS 16-да қазақ және болгар тілдері болады», – делінген хабарламада.iOS 16-да қазақ тілінде мәзір және теру кезінде қазақ тілін автокоррекциялау функциясы қолжетімді болады. Бұған дейін 2019 жылы iOS 13-те қазақша пернетақта пайда болған еді.