Алматыда ереуіл кезінде ер адам қайтыс болды
Алматыда ереуіл кезінде ер адам қайтыс болды
14,616
оқылды
Мегаполистің бір топ тұрғыны өз үйлері жанынан басқа тұрғын үй құрылысын жүргізуге қарсылық білдіріп, рұқсат етілмеген митингке шықты. Олар Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкаға кетуін талап еткен. Ақпарат пен оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ашуға булыққан жұрт Гагарин көшесін жапқан. Осы кезде қаңтарылып қалған көліктердің бірінен түскен ер адам ереуілшілермен (видеода) төбелескен. Оқиға көшедегі видеобақылау камерасына түсіп қалған. Қарсылық кезінде ауыр соққы алып жерге құлаған көліктің иесі сол жерде қайтыс болған. Аталған оқиға туралы Алматы қалалық Полиция департаменті әзірге ешқандай мәлімет бере қойған жоқ.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Новости Казахстана и мира! 🌍📺 (@kazakh_inform)