Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
719
оқылды
Руслан Сәкеев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы  Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Кеңесарыұлы Сәкеев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды», –  делінген хабарламада.
Руслан Сәкеев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ гуманитарлық заң университетінде бастаған. 2003-2005 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Әр жылдары жекеменшік секторда жұмыс істеген. 2017-2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, ал 2019-2021 жылдары «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары болған. 2020-2021 жылдары BIRGEMIZ ҚҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. 2021 жылғы қазаннан бастап қазір дейін  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.