Ақтөбеде бұралқы иттерді аулауға 41 млн теңге бөлінді – әкім
Ақтөбеде бұралқы иттерді аулауға 41 млн теңге бөлінді – әкім
654
оқылды
Ақтөбеде құтырған иттерді аулауға мемлекеттік қазынадан 41 млн теңге бөлінген. Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында өңір басшысы Оңдасын Оразалин мәлім етті. Ол қажет болса, қосымша тағы қаржы бөлуге дайын екендерін жеткізді.
«Құтырған иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда қосымша қаржы қарастыруға дайынбыз. Құтырған иттерді бағу, емдеу мәселесі тағы бар. Оған да тиісті қаражат бөлу керек. Иттерді күтетін 2 орын бар. Олар «Ника» және ветеринариялық станция маңында орналасқан орындар. Осындай жерлердің санын арттыру көзделіп отыр», - деді облыс әкімі.
Оңдасын Оразалинның мәліметінше, келесі жылдан бастап иттерге чип тағылып, есепке алынады. Былтыр Ақтөбеде тиісті орган 17 500-ден астам иттің көзін жойған.