«Алдағы үш тәулікте жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр болады. 16 маусымда елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады», – делінген хабарламада.