Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, теңгеге шаққандағы бір АҚШ долларының бағамы 2,33 теңгеге көтеріліп, орташа құны 438, 43 теңгеге жетті.
Ұлттық банктің 15 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар 435, 92 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 438, 50 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу – 443,50 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласында сату бағасы – 437 теңгеден болса, сатып алу құны – 440,46 теңге.