Ертең Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді
Ертең Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді
444
оқылды
Ұлытау облысы Ұлытау ауданында өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы ертең сағат 15.00-де болады. Жиынға Қазақстан  Президенті, Ұлттық құрылтайдың төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Ұлттық құрылтай құрылған болатын. Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусым күні Ұлытау облысында өтеді. Сонымен қатар бүгін, 15 маусымда Президент Жарлығымен құрылтайдың құрамы жарияланды. ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚР Президенті жанынан мұндай институттың не үшін құрылғанын, оның құрамы қалай жасақталғаны туралы  Telegram  арнасында түсіндіріп берді.