Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде - Президент
Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде - Президент
551
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
"Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері! Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр. Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты. Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін", – деп жазылған Президент құттықтауында.
Қасым-Жомарт Кемелұлы медицина саласының барша маманына зор денсаулық, бақ-береке тілейді.