Қайғылы оқиға елорданың сол жағалауында болған. Елу жастағы әйел жетінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап, көз жұмды.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, 102 каналына Достық көшесінде орналасқан үйдің 7-қабатындағы балконнан әйел құлағаны туралы ақпарат түскен. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.
"Елорданың 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Марқұм құлаған сәтте оның жақындары үйде болған", – деп мәлімдеді полиция.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды.
ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.