Мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинауға болмайды – министрлік өкілі
Мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинауға болмайды – министрлік өкілі
Фото: matritca.kz
576
оқылды
Мектепті жөндеуге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова айтты, – деп жазады inform.kz. Оның айтуынша, мемлекеттік мектептер әкімдіктерге қарайды. Сондықтан мектепті жабдықтау, материалдық-техникалық базасын нығайту, жөндеу жергілікті бюджет есебінен жүргізілуі тиіс. «Ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында министрліктің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта педагогтерді өздерінің жұмысынан басқа жұмысқа тартуға, олардан министрліктің 130-бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген. Сонымен қатар, педагогтер жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз қаражатын жұмсамауы керек. Бұл да осы бұйрықта көрсетілген», – деді Майра Мелдебекова. Егер мектепті жөндеуге ақша жинаса, құзырлы органдарға немесе аталған комитеттің жергілікті департаменттеріне шағымдануға болады.