Нұрсұлтан Назарбаев туған күніне орай ешқандай іс-шара өтпейді – Мәдениет министрлігі
Нұрсұлтан Назарбаев туған күніне орай ешқандай іс-шара өтпейді – Мәдениет министрлігі
2,014
оқылды
Биылғы 6 шілдеде – Астана күнімен бірге Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне арналған жиындар өткізу жоспарда жоқ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Р. Кәрібжанова Nege.kz сайтының сауалына жауап берген кезде айтты.
«Биыл 6 шілде мемлекеттік мереке ретінде тойлана ма? Қазақстан халқы үшін 6 шілде демалыс күні болып қала ма? Экс-президенттің туған күніне байланысты мерекелік шаралар өткізіле ме?» деген сұрақтар қойылды.
Мәдениет комитеті төрағасының жауабы төмендегідей болды:  width=
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабына сәйкес 6 шілде – Астана күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен 5 шілдеде Астана күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Конгресс-орталығының алаңы, ашық аспан астында жас орындаушылардың қатысуымен (opеn air) концерттік бағдарламаны өткізу жоспарлануда. Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер ҚР еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып саналады. Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігімен Назарбаевтың туған күніне арналған жиындар өткізу жоспарланып отырған жоқ».
Яғни, биыл экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне қатысты ешқандай іс-шаралар өтпейді. Басылымның мәліметінше, биыл Нұрсұлтан Әбішұлы туған күнін не Дубайда, не Лондонда ет-жақындарымен ғана өткізуі мүмкін.