Оралда әйел оныншы қабаттың балконынан секіріп, өзіне қол жұмсады. 24 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды "Мой город" порталы.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 27 маусым күні кешкі сағат 20:15-те "Құрылысшы" ықшамауданында болған. Әйелдің мүрдесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін моргке жіберілді.
Аталған іс өз-өзіне қол жұмсау фактісі ретінде тіркелді.
Бұған дейін СҚО-да ер адам әйелін атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз.