Қазақстанның Халық әртісі, елге белгілі әнші Мақпал Жүнісова бауырына басқан қызы Мерейді туған күнімен құттықтап, түнгі 12-ден бастап Instagram парақшасында түрлі видеолар жариялады.
"Алтыным тек сенің амандығыңды тілеймін! Жаңа жасыңда тек жақсылық болсын. Бақытты бол алтыным!" деп жазған әнші марқұм Заманбек Нұрқаділовті де еске алды.
–Зәке, бауырға басқан, сіз ерекше жақсы көріп, атыңызды берген қызымыз 20 жасқа толып жатыр. Біз үшін де, қазағым деген халқыңыз да сізді ұмытпаймыз, топырағыңыз торқа болсын! – дейді Мақпал Жүнісова.