Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің жүрген жері туралы хабарлаған адамға сыйақы берілді ме деген сауалға жауап берді.
Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов Informburo.kz-ке қазақстандықтардан 1424 call-орталығы мен агенттіктің әлеуметтік желілері арқылы хабарламалар түскенін хабарлады.
"Экстрасенспін" деп шыққандар да болды, өз қызметін ұсынды. Бірақ бірде-бір факт расталмады және сәйкесінше бұл жағдайда сыйақы берілмейді", – дейді Арман Тілеукенов.
Нұрлан Мәсімов 13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей шекарасынан жалған құжаттармен өтпек болған жерінен ұсталды.
Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін іздестірілген.
Нұрлан Мәсімовтің қайда жүргені туралы ақпарат бергені үшін 12 млн теңгеге дейін сыйақы жарияланған болатын.
Нұрлан Мәсімов – ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.