Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі шекарада ұсталды

Мәсімов

Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі – Нұрлан Мәсімов ұсталды, –  деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Осы жылдың 13 шілдесінде антикоррупциялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады», – делінген  хабарламада.

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін іздестірілген.

Нұрлан Мәсімовтің қайда жүргені туралы ақпарат бергені үшін 12 млн теңгеге дейін сыйақы жарияланған болатын.

Нұрлан Мәсімов – ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.