Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
2,008
оқылды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Иран Шаметеков тағайындалды. Конкурстық комиссияның шешімі қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.  Иран Шаметеков 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясында «хирургия» мамандығымен интернатурадан өтті. 2006 жылы Д.Қонаев университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми атағы бар. Әр жылдары Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек етті. Жамбыл облысы бойынша комитет департаментін басқарды. Соңғы еңбек еткен орны – елордадағы №3 көпбейінді балалар ауруханасында бас дәрігер.