Эпидемиологиялық ахуал: «сары» аймаққа өткен астанада қандай шектеулер енгізіледі?
Эпидемиологиялық ахуал: «сары» аймаққа өткен астанада қандай шектеулер енгізіледі?
Фото: news.myseldon.com
691
оқылды
Коронавирусқа шалдыққандар саны күрт артқан астанада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова айтты.
«Астана «сары» аймаққа өтті. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша «сары» аймақтағы өңірде адам саны көп жұмыс орындарының қызметкерлерін қашықтан істеуге жіберуі керек. Вакцинаға түбегейлі қарсы медициналық көрсетілімі бар адамдар  қашықтан жұмыс форматына ауыстырылады», – деді астананың бас санитар дәрігер Сархат Бейсенова.
Сондай-ақ ғимарат ішінде бетперде тағу талабын сақтауы тиіс.