Кремль Путиннің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
Кремль Путиннің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
© ria.ru
1,022
оқылды
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, -  деп хабарлайды  РИА Новости.
"Бәрі жақсы, денсаулығы дұрыс. Өздеріңіз білесіздер, Украинаның тырнақшаның ішіндегі ақпарат мамандары, америкалықтар мен британдықдар да соңғы кездері президенттің денсаулығы туралы түрлі пікірлер айтып жүргенін білесіздер. Оның бәрі жалған", - деді Песков.
Жуырда Владимир Путин Стратегиялық бастамалар агенттігінің форумына қатысып, жиі жөтелгені үшін қатысушылардан кешірім сұрады. Ол Тегераннан оралғанын түсіндірді. Иранда өте ыстық болғандықтан, кондиционерлер толық қуатында жұмыс істеген. Өз кезегінде Песков осы сапардан кейін мемлекет басшысының тамағы ауырып қалғанын түсіндірді.
"Иә, шынымен ыстық, көшеде 40 градус, ғимараттардың іші кондиционерлер қосылып тұрғандықтан салқын, менің де дауысым қарлығып қалды", — деді Кремль өкілі.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров РИА Новости агенттігіне сұхбат беріп, Ресейдің Украина аумағындағы арнайы операциясының мақсат-міндеттері өзгергенін мәлімдеді.