Шымкентте күзетшілерге прокурордың әйелі екенін айтып, дөрекілік танытқан 38 жастағы Жайна Уразалина неліктен дөрекі қылық көрсеткенін айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. «Балаларды клубқа апардым, көлікті тұраққа қойдым. Күзетші дөрекі түрде көлікті басқа жерге қою керек екенін айтты. Кейінірек қоямын дедім. Ол дөрекілік танытып, балағаттады. Кешірім сұрауын талап еткенімде таяғын алып, бас салды. Балалар қорқып қалды, қызым жылады», – дейді ол.
Әйел әдепсіз сөйлегені үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ ашу үстінде прокурордың әйелі екенін айтып, күзетшіні қорқытпақ болғанын мойындады. Прокуратураға еш қатысы жоқ екенін айтып, прокуратура қызметкерлерінен кешірім сұрады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады» деген сипатта тараған бейнежазбаға қатысты Қызылорда облысы прокуратурасы мәлімдеме жасаған болатын. Кейін әйелдің айыппұл төлегені белгілі болды.
https://www.youtube.com/watch?v=xdJKIgz_OnA