Шығыс Қазақстан облысында жоғалған үш жасар баланы 621 адам іздеп жатыр.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Ұлан ауданы Таврия ауылында полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен жанашыр тұрғындар түнімен 3 жасар баланы іздеді. Әділхан Сейсембайдың жоғалып кеткені туралы полицияға оның әкесі хабарлаған. Бала аулаға ойнауға шығып, жоғалып кеткен.
«Қазір баланы 621 адам жан-жақтан ауыл аймақта 16 секторға бөлініп іздеп жатыр. Сондай-ақ іздестіруге квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылды», - делінген ресми ақпаратта.
Үш жасар баланың бойы – 90-100 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде жасыл түсті футболка, ақ-көк түсті қалпақ, жасыл түсті шорты, қара-көк түсті кроссовка болған.
Полиция жоғалған баланы көрген-білгендер болса, 102 жедел арнасына хабарласуды сұрайды.