Өрттен бір отбасы тірідей жанып кетті
Өрттен бір отбасы тірідей жанып кетті
Фото: Интернеттен алынды
308
оқылды
Ақмола облысындағы Покровка елді мекенінде үй өртеніп, бір отбасы тірідей жанып кетті, – деп хабарлайды «КТК» арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, өрттен көз жұмғандардың біреуі – үш жасар бала. Тез өршіген жалын өрт сөндірушілер ауылға жеткенше, үйдің шаңырағы ортасына түскен. Ауыл әкімі құтқару қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып, шатыры ортасына құлап түсті. Аумағы – 150 шаршы метр. Өрт толық сөндірілгеннен кейін үйінді астынан үй иелерінің және кішкентай баланың денесі табылды. Кешке тұтанып, артынан күшіне мінген өрт туралы көршілес ағайындарының бірі байқап әкімге хабарлапты. Хабар жетісімен жолға шыққан құтқару қызметі 47-41 жастағы ерлі-зайыпты мен оның үш жасар баласын құтқара алмады. «Өрттің тым жылдам өршуіне үйдің сабаннан соғылғаны да себеп болды», – дейді өрт сөндірушілер. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Анығы, ерлі-зайыптылар талай рет арақ ішіп, жиі жанжалдасатын болған. Құқық қорғау органының қызметкерлері бірнеше рет профилактикалық кеңес өткізіп, ескерту де жасапты.