Ақтауда нөсер жауыннан кейін көшелерді су басты
Қала әкімдігінің мәліметінше, жауыннан соң көшеден 19 398 текше метр су сорылды.
Кеше кешкі сағат 23.00-ден бастап, бүгін таңғы 06.00-ге дейін жауын-шашын жаууына байланысты «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған суды сорды.
Атап айтқанда, 17, 1, 34, 16, №22 және №19 автомобиль жолдарының қиылысы, 31, 5, 7, 14, №7 автомобиль жолы, 14 шағынаудан мектеп маңын судан тазартты. Оған 15 жұмысшы, 5 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 1 Газель көлігі жұмылдырылды. Түнгі жауын-шашыннан 7 223 текше метр су жиналды.
Күндізгі кезекшілікте:
– 17 шағынаудан Халық арена;
– 16 шағынаудан "Инара" тұрғын-үй кешені маңы;
– 14 шағынаудан «Маңғыстау облысының әкімдігі» маңы;
– № 18 автомобиль жолы, «Аққала мол» СҮ;
– 14 шағынаудан 46 үй;
– № 1 автомобиль жолы, 3 шағынаудан «Энергетикалық колледж»;
– № 1 автомобиль жолы, 12 шағынаудан 59 үй маңы;
– № 3 автомобиль жолы, 1 шағынаудан және 2 шағынаудан аралығы;
– № 1 автомобиль жолы, 8 шағынаудан «Рахат» СҮ;
– № 7 автомобиль жолы, 4 шағынаудан «Каспиан Ривьера» қонақүйі;
– № 12 автомобиль жолы, 22 шағынаудан «Ер Қосай» СҮ;
– № 27 автомобиль жолы, 31 шағынаудан Мағаш базар;
– № 3 автомобиль жолы, 7 шағынаудан 12 үй маңынан жолдағы су жиналды.