Жаңадан құрылған облыстарда тұрғын үй бағасы 10%-ке қымбаттады
Жаңадан құрылған облыстарда тұрғын үй бағасы 10%-ке қымбаттады
Фото: smartik.ru
1,001
оқылды
Жыл сайын тұрғын үй нарығында баға өспесе, төмендеуі байқалмайды, – деп хабарлайды 24.kz. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мұны қолдан жасалған қымбатшылық екенін айтып отыр. Жергілікті халықтан сұраныс азайғанда, баға баяғы қалпына келуі мүмкін. Жаңа құрылған өңірлер ғана емес, жалпы ел аумағында мүлікті сатып алу-сату келісімдері біршама азайған. Әлемдегі геосаяси ахуал, қымбатшылық, логистикадағы кедергілер, құрылыс материалдарының 90 процентке жуығы шетелден тасымалдау себеп болып отыр.
Риэлторлардың айтуынша, әсіресе, Семей, Жезқазған, Қонаев қалаларында баспана құны 10 процентке өскен. Осылайша, 1 шаршы метрі 250-300 мың теңгеге жетті.
Наурыздан бері ай сайынғы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдері 30 мыңға азайып жатыр. Халық екінші нарықтағы бір бөлмелі пәтерлерді көп таңдайтын болған. Сарапшы Зульфия Гетманчуктің айтуынша, сұраныстың азаюы үлескерлер дауын қайта өршітуі мүмкін.