Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Түнде Мұқанов көшесінде орналасқан қойма өртенді.
4 тамызда сағат 21.42-де Мұқанов пен Гоголь көшелеріның қиылысында қою түтін шығып жатқаны туралы хабар түскеннен кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына барды.
«21.45-те азық-түлік қоймасында өрт шыққаны анықталды. Өрт 23.05-те оқшауланып, 23.24-те жойылды. ТЖД қызметкерлері жедел әрекет етіп, жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа жалынның таралуына жол бермеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді департамент өкілі.