Ақмоладағы колонияда "емші" мысық мекендейді
Ақмоладағы колонияда "емші" мысық мекендейді
630
оқылды
Ақмоладағы қатаң режимдегі колонияда Василий есімді ерекше мысық мекендейді. Үй жануары сотталғандарға көмектеседі екен, қан қысымын қалыпқа келтіреді, тыныштандырады. Zakon.kz сайтының мәліметінше, қызметкерлер оны колониядан қалаға бірнеше рет алып кеткен, тіпті оны біреулер үйіне апарған, бірақ бәрі бекер болған. Василий бірнеше күнде мекеніне қайтып келеді, отрядқа оралады.
"Сотталғандар оған әбден үйренген. Тамақтандырып, қамқорлық жасайды", - дейді мекеменің режим бөлімінің анықтаушысы Жанат Амангелдинов.
Мекемеде жануарларды ұстау қарастырылмаған. Алайда Василий жай мысық емес болып шықты. Оның иесі, тұтқын Федор бұл мысық туралы айтқанда казармадағылар оған күлген. Федор Василийдің емдеп, қысымды жеңілдетіп жатқанын айтқан кезде колониядағылар сене бастаған. Бір күні кешке сотталушы Қуаныштың басы қатты ауырған. Жұмыс күні бітіп, медицина қызметкерлері жоқ еді. Төтенше жағдайларда жедел жәрдем шақырылады. Бірақ Қуаныш төсекте екі қолын басына қойып жатқанда Васька секіріп, оның қолын, бетін иіскеп, мияулады. Осылайша мысық Қуаныштың өзін жайлы сезінуіне көмектесе бастады. Сол күні тұтқын мысықты сипап, құшақтап, бірнеше минуттан соң ұйықтап қалды. Қуаныш таң атқанда көңілді, сау болып тұрды. Осы оқиғадан кейін сол тәрізді оқиғалар бірінен соң бірі қайталана берді. Тұтқындар мысық қысымды теңестіруге көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар тахикардияны тыныштандырады, жүйке кернеуін жеңілдетеді дейді.