ҚТЖ-ның тоғыз қызметкері жұмыстан шығарылды
ҚТЖ-ның тоғыз қызметкері жұмыстан шығарылды
фото: exk.kz
4,664
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті "ҚТЖ" АҚ филиалы қызметкерлерінің дизель отынын ұрлау схемасын ашты, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Ө.Елубайұлына қатысты соталды тергеуді аяқтады. Ол 2021-2022 жылдары локомотив депосының машинистерінен дизель отынын сатып алып, Жаңаарқа ауданы және Жаңаарқа кентінде өткізу үшін сертификатталмаған екі цистернада сақтаған. Тексеру барысында жерасты цистерналарынан жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асатын құжаты жоқ 15 тоннадан аса дизель отыны табылды", – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, тергеу барысында "ҚТЖ" АҚ филиалы қызметкерлеріне қатысты дизель отынын ұрлау схемасы анықталған.
"Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер жұмыстан босатылды. Сот үкімі бойынша Елубайұлы кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", – делінген хабарламада.