Ақтауда шомылып жүрген қыздарға итбалық шабуыл жасаған

Ақтауда шомылып жүрген қыздарға итбалық шабуыл жасаған

Ақтауда балаларға итбалық шабуыл жасаған. Оқиға 14-шағын ауданда, жағалауға жақын маңда болған, – деп хабарлады "Лада". Зардап шеккендердің бірінің анасының айтуынша, оның 12 жастағы қызы құрбысымен бірге 14-шағынауданда, жағалауға жақын маңда шомылған. Кенет оларға итбалық шабуыл жасаған, ол қыздардың бірінің қолын тістеген, екіншісінің иығы мен арқасын тістеген.

"Біз оның онда жүзіп жүргенін де білмедік. Ол жүзіп келіп, бізге шабуыл жасады", – дейді қыздар.
Қыздың анасының айтуынша, олар шошып кеткен. Жағалауда болған ересектер бұл жағдайға мән бермеген. Қызы дереу қоңырау шалып, болған жағдайды анасына айтқан. Әйел бірден келіп, екеуін де Облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне апарған. 16 қыркүйекке дейін зардап шеккендерге екпе салынады. Қыздың анасы Төтенше жағдай департаментіне 14-шағынаудан жағалауына құтқарушыларды қою керегін айтып жүгінген.