Қазақстанда 153 адамның жүрегін алмастыру қажет
Қазақстанда 153 адамның жүрегін алмастыру қажет
Фото: mister-blister.com
758
оқылды
Қазақстанда ағза алмастыруға мұқтаж адамдарға донор қажет. Ұлттық ғылыми онкология орталығында трансплантацияның жаңа технологиясы енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Inform.kz-тің жазуынша, орталықта алғаш рет трансплантолог-хирургтер туыстық донордан бүйрек трансплантациясын жасады. АВ0 сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясы санаулы елде ғана жасалады. Бүйрек трансплантациясы – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттер үшін бүйректі алмастыратын терапияның бір әдісі. Бірақ донор тапшы. 10 тамыздағы мәлімет бойынша,  Қазақстанда 3 566 пациент орган трансплантациялауға мұқтаж. Ағза алмастыруға мұқтаждар саны: – бүйрекке – 3 154 ересек адам, 60 бала; – бауырға – 169 ересек, 8 бала; – өкпеге мұқтаж 17 ересек адам бар; – 147 ересек адамға, 6 балаға жүрек керек; – 2 ересек адамға, 3 балаға жүрек те, өкпе де қажет.