Ер адамның денесін іздеуге сүңгуірлер, ТЖ департаментінің қызметкерлері, туыстары мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
- Бүгін біздің ержүрек қыздарымыз төтеншеліктермен бірге Ерболаттың денесін тапты. Біздің бүкіл командамыздың атынан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - деп хабарлады VITA іздеу жасағының еріктілері өздерінің Instagram-аккаунтында.
Естеріңізге сала кетейік, екі балықшы Екібастұзға жақын орналасқан Ащыкөл көлінде су асты балық аулаумен айналысқан. Олардың бірі суға жүкпен кезекті рет кіргеннен кейін 1959 жылы туған ер адам жүзіп шықпаған.