Биыл көмір бағасының күрт қымбаттауына жол бермеу керек – Үкімет басшысы
Биыл көмір бағасының күрт қымбаттауына жол бермеу керек – Үкімет басшысы
Фото: syrboyi.kz
1,052
оқылды
Үкімет отырысында көмір бағасын реттеу мәселесі талқыланды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов көмір тасымалына жауапты мекемелерге тапсырма берді, –  деп хабарлады Aikyn.kz.
«Әкімдіктер жылыту маусымына дайындық жұмысын жүргізіп жатыр. Қостанай, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары әлеуметтік мекемелер мен тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау жоспарын 100% орындады. Бірақ тұрғын үйлердің қысқа дайындығын кестеден кешіктіріп жатқандар да бар. Атап айтқанда, Павлодар облысында – 66,5%. Көмір жеткізу проблема болмауы тиіс. Көмір сатып алуға ұзын сонар кезек, қар түскенде бағаның күрт өсуі, уақытында жеткізілмеуі халықтың ашуын туғызады», – деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін көмір кезегінде тұрған ер адам өзін-өзі өртемек болғаны туралы жазған болатынбыз.