БҰҰ Бас хатшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысушыларға видеоүндеу жолдады
БҰҰ Бас хатшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысушыларға видеоүндеу жолдады
422
оқылды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне онлайн режимде қатысты. Ол қатысушыларға өзінің видеоүндеуін жолдады. БҰҰ Бас хатшысы қазір әлемде соғыс пен шиеленістер, төтенше гуманитарлық жағдайлар, экологиялық дағдарыстар, аштық пен кедейлік белең алып отырғанын айтты. Соның ішінде діни қайшылықтарға негізделген даулар да жиілей бастағанын айтып өтті.
«Қазақстан Үкіметіне мемлекет қайраткерлері мен көрнекті дін лидерлерінің қатысуымен өтіп отырған осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіргім келеді. Біз дін қайраткерлері ар-ождан дауысы мен рухани беделін өзара құрмет, жанашырлық пен бірлікті көтермелеуге, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге әртүрлілікті байлық ретінде тануға, бір-бірімен және болашақ ұрпақтармен ынтымақтасуға пайдаланады деп сенеміз. Осы қиын-қыстау кезеңдерде бізге бұрынғыдан да көп рух қажет», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш.
Сондай-ақ ол дін лидерлерінен өз қауымдастықтары арасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеуді, ксенофобияны, нәсілшілдікті, толеранттылықты бұзатын нормаларды қабылдамауды өтінді.