Этнобағыттағы мерекенің басты сыйы – «Абай-Дәулет» ЖШС-ның ұйымдастыруымен 40 қазан палау пісіру сайысы өткізілді. Қала аспаздарымен қоса, еліміздің өзге де өңірлерінен келген бесаспап аспаздар дәмі тіл үйіретін палауларын бастырып, мерекеге жиналғандарға дәм татқызды. Мерекелік палау күріштің Лидер, Янтарь, Маржан, Әйгерім, Сыр сұлу сорттарымен қатар украиналық сорттардан дайындалды. Сондай-ақ өңірде өсірілетін төрт түлік мал етінен пісірілді. Мерекеге келушілер бал татыған шұбат, қымызбен сусындап, ыстық бауырсақтан дәм татты.
Этноауыл мерекесінде өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.
Ербақыт Жалғасбаев, Қызылорда.