Алматылықтар арзан туристік жолдама аламын деп алданып қалды
Алматылықтар арзан туристік жолдама аламын деп алданып қалды
251
оқылды
Алматыда жалған турфирмаға қатысты қылмыстық іс тергелуде. Алмалы ауданы прокуратурасының мәліметінше, С. есімді азамат жалған туристік компанияның атынан адамдарға шетелге бару үшін өте төмен бағамен жолдамалар ұсынған. Алаяққа сенген жәбірленушілер оған 200 мыңнан 6 млн теңгеге дейін қаражат төлеген. Сонымен бірге жәбірленушілер оны өз таныстары мен достарына да ұсынған. Ал толық төлем алған соң С. есімді азамат жәбірленушілердің нөмірлерін бұғаттап, олармен байланысты тоқтатқан. Нәтижесінде,  адамдар қаражат пен уәде етілген жолдамалардан құралақан қалған.
«Қазір  қылмыстық істің 100-ден астам құрбаны бар және оның залалы өтелген жоқ.  С.  күдікті деп танылды. Бұл шешім Алмалы ауданының прокуратурасымен келісілді. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды»,– деп хабарлады прокуратурада.