Қазақстанда 3 қазаннан екпе салу науқаны басталады
Қазақстанда 3 қазаннан екпе салу науқаны басталады
540
оқылды
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2022 жылдың 19 қыркүйегінде "2022-2023 жылдарға арналған тұмау мен ЖРВИ бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы" Қаулыға қол қойды, Осыған байланысты қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылдың 3 қазанынан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды. Сонымен қатар, мынандай талаптар қойылады:
  • медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету;
  • ғимаратта және оған қатысты территорияда тиісті сілтеме белгілерін қоя отырып, кіреберіс есікте "фильтр" жабдығын орнату және ұйымдастыру;
  • келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;
  • мобильді бригадалардың үйге шақырулар бойынша қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау;
  • медициналық ұйымдардың ішінде кемінде + 18 °С, перзентхана блогында кемінде + 22 °С температуралық режимді қамтамасыз ету.
Сондай-ақ ірі кәсіпорындармен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қызметкерлерді тұмауға қарсы вакцинациялау бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қаулы 2022 жылдың 21 қыркүйектен бастап күшіне енді. 2022 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде ЖРВИ және тұмауға қатысты эпидемиологиялық маусымның басталуға жақын екенін, осыған байланысты оның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бюджет есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды. 20-25 қыркүйекке дейін еліміздің түкпір-түкпіріне вакциналарды жеткізу аяқталады.