Walkie деген лақап атпен танымал ресейлік әнші Иван Петунин соңғы сөзінде өзінің адам өлтіруге дайын еместігін айтқан, - деп хабарлайды Экспресс К. Соғыс пен мобилизацияға қарсы болған өнерпаз суицид жасар алдында видеоүндеу қалдырып кеткен. Өзінің айтуынша, Украинада 7 ай бұрын басталған соғыс оған қатты әсер етіпті.
Ол жан-тәнімен пацифист болған және қолына қару алғысы келмеген.
"Мен денсаулығыма байланысты әскерге шақырылмауым керек. Дегенмен әскери комиссариаттағылардың бұған қарайтынынына сенбеймін. Қазір басталған ішінара мобилизация мұнымен тоқтамайды. Әлі бәріне шақырту келеді", - депті соңғы сөзінде әнші.
Иван Петунин 27 жаста еді. Қайтыс болардан жарты күн бұрын ол өзінің "Walk out boy 3" атты жаңа альбомын шығарған.