«Украинада соғыста жүрмін» – Ақсу тұрғыны 2 миллион теңгесінен айырылды
«Украинада соғыста жүрмін» – Ақсу тұрғыны 2 миллион теңгесінен айырылды
Фото: centro-pol.ru
Интернет арқылы жігітпен танысқан Ақсу тұрғыны 2 миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Ақсу қаласының 33 жастағы тұрғыны алаяққа алданып, 2 миллион теңгесінен айырылды. Әйел жігітпен интернет арқылы танысқан. Ол оған Ресей-Украина соғысында жүргенін және жақында Қазақстанға келетінін айтқан. Хат алмасу кезінде ол өз сөздеріне сендіріп, жылы сөздер айтқан. Кейін жігіт қыздан жеке заттары, құжаттары және 50 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақшасы бар пакетті қарсы алуды өтінген. Бірақ сәлемдемені шекарадан өткізу үшін мемлекеттік баж салығын және кедендік анықтаманы төлеу керек екенін айтқан. Әйел бірден жақын маңдағы банктен 2 миллион теңге несие рәсімдеп, көрсетілген банк шотына жіберген. Ақша алған алаяқ із-түзсіз ғайып болған.
«Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтап жатыр», – деді полицейлер.