Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Фото: bel.ru
636
оқылды
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны айтарлықтай азайды. Өткен тәулікте коронавирус 29 адамнан анықталды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Өңірлер бойынша: Астана қаласында – 7, Алматы қаласында – 9, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында – 2, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 1, Ұлытау облысында – 1, Қостанай облысында – 3, Қызылорда облысында – 1, Павлодар облысында – 1. Сондай-ақ 3 қазандағы тәулік ішінде 104 адам аталған індеттен емделіп шықты. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 393 720 адамнан анықталса, соның ішінде 1 378 992 адам сауықты.