Үлкен теледидар үйде орын алмау үшін қандай құрылғы қажет?
Үлкен теледидар үйде орын алмау үшін қандай құрылғы қажет?
Фото Financial Times газетінен алынған
746
оқылды

Жуырда Financial Times газеті телевизия нарығындағы үлкен дисплейлер туралы материал жариялады. Басылым соңғы жылдары теледидар экраны үлкейген сайын оның тұнықтығы да жақсарып жатқанын жазды.

Алғашында HD, одан кейін 4K мен 5К стандартына таңғалсақ, бүгінде 8K тұнықтығын пайдаланып отырмыз. Бірақ адамның көзі мұндай өлшемдерді телеэкранға тым жақын отырса немесе телеэкран өте үлкен болса ғана тұнықтығын көре алады. Бүгінгі нарыққа шығып жатқан үлкен теледидарға өзекті екі сауал бар: бірі «мұндай экранды үйге қалай сыйғызамыз?» десе, екіншісі «күнделікті көз алдыңызда алып қара төртбұрышты экранның болуын қалайсыз ба?» – дейді. Жақында LG компаниясы 325 дюймдік (8,3 метр) «құбыжықты» ұсынды. Мұндай экранның шығуы мүмкін екенін алдын ала болжаған аустриялық «C Seed» фирмасы теледидарды еденге орналастыруды ойластырған. Түймені басқанда қара баған көтеріліп, керемет MicroLED дисплейіне айналады. Экран қажет болмаса қайтадан ұқыпты түрде жиналады. Алайда теледидарды үйге орналастыру үшін үйіңізде ауқымды құрылыс жұмысын жүргізу қажет. [caption id="attachment_221155" align="alignleft" width="1200"]Алып телеэкран Фото Financial Times газетінен алынған[/caption] «C Seed» шығарған N1 теледидар үлгісі сіздің қажетіңізге байланысты 103 дюймдік (2,6 метр), 137 дюймдік (3,5 метр)  немесе 165 дюймдік (4,2 метр) өлшемдегі ғажап кинетикалық экранға айнала алады. Дизайнер Стефан Панидің өнер туындысы бүгінде көзімізге үйреншікті болған телеэкран концепциясын мүлдем басқа түрде ұсынған. Үйінде үлкен телеэкран болуын қалайтындар үшін N1 – ықшамды, аз орын алатын керемет шешім. Бірақ авиациялық алюминийден жасалған бұл құрылғының салмағы бір тоннадан асады, оны баспалдақпен көтеру үшін арнайы көмек қажет болуы мүмкін. Financial Times басылымы бағасы да аз емес екенін, «C Seed N1» моделі 180 000 еуродан басталатынын жазған. Дегенмен  бұл алып экрандарға сұраныс болатыны да, енді бірнеше жылда технологияның да арзандайтыны анық.