Мұрат Әбенов тағы бір қызметке тағайындалды
Мұрат Әбенов тағы бір қызметке тағайындалды
Фото: yandex.kz
1,484
оқылды
Тұтынушылардың құқын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбенов тағы бір қызметті қоса атқарады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде өткен жиында белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мұрат Әбеновке медициналық көмектің сапасын жақсарту ісіндегі белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, пациенттердің құқықтарын қоғамдық негізде қорғау мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды. Мұрат Әбенов өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі көрсетіп отырған ашықтық пен айқындық саясатын атап өтіп, медициналық көмек тұтынушыларының қанағаттанушылығын арттыру үшін бар күшін салатынына сендірді. Мұрат Әбенов «МӘМС-тің ақшасы қайда кетіп жатыр?» деген сұрақ туындамас үшін науқастар емделгеннен кейін көрсетілген қызметтер мен олардың құны көрсетілген тексеру парағын шығаруды ұсынды.