iPhone 14 смартфоны спутникке қосылады
iPhone 14 смартфоны спутникке қосылады
Иллюстрация medium.com сайтынан алынған
575
оқылды
Тамыз айында сарапшылар iPhone 14 смартфонының жаңа мүмкіндігі – спутниктік байланысқа қосылу екенін жазды. Соның бірі – Минг-Чи Ко өзінің medium.com платформасындағы блогында технологиялық компания спутниктік байланыс функциясын iPhone смартфондарына қосуға дайын екенін айтқан. Сондай-ақ 2019 жылдан бері АҚШ санкция салған, 5G стандартын нарыққа шығара алмаған қытайлық Huawei де ұқсас опцияны сынап жатқаны белгілі болды. Apple және Huawei құрылғыларынан басқа, спутниктік байланыс Android смартфондарында да пайда болады деген болжам бар. Google өз инженерлерінің осы бағытта жұмыс істеп жатқанын ресми түрде растаған. Компания 2023 жылдың соңында шығарылатын Android 14 жүйесіне спутниктік технологияны қосуды көздеп отыр. Смартфондарды спутниктік байланысқа қосу қандай қажеттіліктен туындаған? Бұл, біріншіден, дәстүрлі ұялы байланыстың кемшіліктерінің орнын толтыру үшін қажет. Спутниктер арқылы ұялы байланыс желілері жұмыс істемейтін елдер мен аймақтарда байланыс орнатуға болады. Екіншіден, табиғи апаттар немесе әскери қақтығыс аймақтарында спутниктік байланыс өте маңызды. Болашақта жаңа опция барлық смартфондарда міндетті болуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, смартфондардың спутниктік байланысы 4G немесе 5G-ді алмастыра алмайды. Өйткені, спутниктер арқылы деректерді жіберу мен қабылдау жылдамдығы төмен. Спутниктік байланыс кезінде өткізу қабілеті 2-4 мегабит қана болады. Бұл интернеттен контентті жүктеу немесе бейнехабар тарату үшін жеткіліксіз. Байланыстың бұл түрі бірнеше SMS немесе MMS жіберуге, дауыстық байланыс жасауға ғана мүмкіндік береді. Болашақ опция смартфондарды жаңалуды қажет етпейді. Спутниктік байланысты жаңа iPhone 14 және iPhone 13 смартфондарында жүктеу қарастырылған. Google бұл жаңашылдық Android 14 жүйесін қолдайтын көптеген телефонда жұмыс істейтінін мәлімдеген. Біздің ойымызша, смартфондарды спутниктерге қосу құзырлы органдардың рұқсатын немесе заңдарға өзгерістерді қажет етеді. Кейбір елдерде, мысалы Үндістанда, спутниктермен әрекеттесу үшін арнайы рұқсат алу өте қиын. Starlink спутниктік шоғыры Азия нарығына шығуға ұмтылғанымен, бюрократиялық кедергілерге тірелді. Бірқатар елдің заңнамасының қаталдығы сонша, тіпті шетелден спутниктік телефондар әкелу үшін де құзырлы органдардың рұқсаты қажет.