Смартфон иелерінің ақшасын немесе жеке деректерін ұрлау әлемнің барлық елдерінде жиі кездеседі.
«Известия» тілшілері қазіргі гаджеттерге бөтен бағдарлама орнатылғанын қалай білуге болатынын зерттеген.
Group-IB компаниясының цифрлық криминалисі Игорь Михайловтың айтуынша, шпиондық бағдарлама мүмкіндігінше жасырын енгізіледі. Оны анықтау қиын. Әдетте, смартфон иесі шоттан үлкен сома жоғалғанда немесе құрылғы иесінің жеке мәліметтерін таратпау үшін ақша талап еткенде аңғарады. Дегенмен сіздің смартфоныңыздың қаскөйлердің бақылауына көшкенін кейбір белгілерден білуге болады. Мысалы, смартфон қыза бастайды, қуаты тез бітеді, қатып қалады немесе өздігінен қайта жүктеледі. Сондай-ақ әртүрлі қосымшалар өздігінен қосылып, сөйлесу кезінде «жаңғырық» пайда болады.
«Бұзылған гаджеттер «мінез-құлқын» өзгертеді. WI-FI, мобильді интернет немесе басқа қызмет өздігінен қосылады және өшіріледі, абонемент орнатпаған белгісіз қолданбалар пайда болады. Олар жұмыс үстеліндегі белгіше немесе параметрлердегі мәзір элементі ретінде көрінуі мүмкін. Яғни, олар көрінбейді, сондықтан өзгерістерге назар аудару қажет», – дейді Сколководағы Synergy Academy оқытушысы Артур Карапетов.
Көбінесе интернет-трафиктің ұлғаюы гаджеттің зиянды вирус жұқтырғанын көрсетеді. Егер телефон деректерді ұрлау үшін бұзылса, олар шабуылдаушылардың серверлеріне жіберіледі. Сәйкесінше, трафикті тұтыну өседі. Дәл осындай жағдай аккумуляторда болады: оның қуатын жасырын режимде жұмыс істейтін қолданбалар тауысады. Мұны адам тіпті байқамауы да мүмкін.
[caption id="attachment_221313" align="alignright" width="1220"] Фото yablyk.com сайтынан алынған[/caption]
Мамандар құрылғыны толық тексеру үшін смартфонды, барлық қолданбаларды, оларға кіру рұқсаттарын антивируспен сканерлеу қажет екенін ескертеді. Бұл жұмысты тәжірибесі бар техниктерге сеніп тапсырған абзал. Олар смартфонның аппараттық және бағдарламалық бөліктерін зерттейді. Деректердің қандай серверлерге кеткенін, олардың ішінде құпия сөздердің болған-болмағанын тексереді. Жеке деректер, төлқұжат көшірмелері, жеке фотосуреттер немесе бейнелер, крипто әмияндардың кілттері, банктік шоттар, құпия сөздер сияқты құнды ақпаратты смартфонда сақтамауға кеңес береді.
Михайлов «зиянды бағдарлама енгізіп, кибер-қылмыскерлер смартфонның айналасындағы кеңістікті тыңдай алатынын» да ескертеді. Кибер проблемалардың алдын алу үшін Сбербанк қосымшалары смартфонның тазалығын бақылау мен қауіпсіздік бойынша ұсыныстар беретін болған.
Гаджеттерде вирустардың таралуына көбінесе адамдардың өзі кінәлі. Олар тексерілмеген сайттарға кіреді. Электронды хаттардағы сілтемелерді ашып, оқиды. Ресми AppStore немесе Google Play сияқты платформалардан емес, басқа күмәнді ресурстардан мобильді қосымшаларды жүктейді. Бірақ вирус жұқтырған файлдар ресми дүкендерде де кездесуі мүмкін. Әсіресе, Android жүйесінде мұндай зиянды қосымшалар жиі кездеседі.
[caption id="attachment_221315" align="alignleft" width="1219"] Фото bild.de сайтынан алынған[/caption]
Қандай смартфондар жиі бұзылады? Артур Карапетовтің айтуынша, Android телефонын бұзу оңай. Өйткені, олардың операциялық жүйесі ашық. «IOS операциялық жүйесінде пайдаланушы тек AppStore-да бар қолданбаны орната алады», – деп түсіндіреді сарапшы. – Ресми дүкеннен тыс жерлерден қосымшаларды орнату Android жүйесінде қарапайым. Сондықтан Android бұзылуға бейім». Интернеттегі бұл мәселе бүгінде адамдардың жеке басының қауіпсіздігін сақтаумен байланысты. Адамның желіде қалдырған цифрлық іздеріне мұқият болуы, қолдарындағы смартфонның тазалығын сақтауы да ақпараттық сауаттылық мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан смартфонға сақ болған жөн.